Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
МОЙЫНДАУ МЕН ЖАЗА ТАЛАБЫ
Түркістан облысында әкесін ұрып-соғып, ақыры өлтірген Алмас Садақбаев кінәсін мойындады. Мемлекеттік айыптаушы 6 жыл 2 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.
ЖАСӨСПІРІМ СОТТАЛДЫ
Таразда мектепте төбелесіп, жаға жыртысқан жасөспірім 6 жыл 8 айға сотталды. Ол қатарласының мойнынан қылқындырып өлтірген.
СУ БАР, ЕСКЕРТУ ЖОҚ
Теміртауда тұрғындар бес күн бойы лай су ішуге мәжбүр болды. Билік су құбыры желісін салтанатты түрде іске қосқанымен, әзір тұтынуға болмайтынын айтуды ұмытып кеткен.
ЭКСПОРТҚА ШЕКТЕУ
Павлодарлық фермерлер көкөніс экспортына үш айлық шектеу енгізіледі деп алаңдаулы. Қоймаларда жатқан 64 мың тонна сәбізді қайда таратпақ?
ҚОЛЖАЗБА ҚАЗЫНАСЫ
Көне жазба түгенделеді. Оралда әлі күнге жарыққа шықпаған, халықтың қолында жүрген көне кітап пен 200-ге жуық қолжазба табылды.
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.