Павлодар облысының Ертіс ауылында таңғы уақытта жеке тұрғын үй отқа оранып, екі бала көз жұмды. Құтқарушылардың жедел әрекетіне қарамастан, кәмелетке толмаған балалардың өміріне араша түсе алмады. Мамандар оқиға орнына үш минут ішінде жеткен. Алайда сол сәтке дейін үй толығымен отқа оранған. Бір бала өз күшімен сыртқа шығып үлгерсе, қалғандары іште қалып қойған. Тағы үшеуін өрт сөндірушілер құтқарды. Өкінішке қарай, олардың екеуі көз жұмды, тек біреуі ғана тірі қалды. Зардап шеккен балалар санитарлық авиациямен бүгін Павлодар қаласындағы ауруханаға жеткізілді.
БЕРІК ОМАРОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАКЫЛАУ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— өрт сөндірушілер алғашқы минуттардан бастап зардап шеккендерді іздеуге кірісті үш баланы құтқарды оларды жедел медициналық жәрдем бригадасы тапсырды өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін бір бала өзі құтқарылды өкінішке орай екі бала ауруханада қайтыс болды өрт елу шаршы метрдей аумақта жойылды. Өрттің себебі анықталып жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.