Алматыдағы жеке стоматологияда тісін емдеген баланың өлімінен кейінгі қылмыстық іс қайта қаралады. Бұл туралы отбасының адвокаты Инга Иманбай хабарлады. Өткен жылы бүлдіршіннің бір мезетте 20 тісі «Севоран» наркозымен емделген. Есін жимаған күйі көз жұмды. Полиция іс қозғап еді, екі айдан кейін жабылды. Енді іс қайта қаралады. Адвокат тәуелсіз сараптама жүргізуді талап еткен.
Айта кетейік, Астанада да осындай жағдай болып, үш жасар қыз қайтыс болды. Дәрігер анестезиолог сотпен кінәлі деп танылды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.