Жамбыл облысының Тоғызкент ауылында 377 миллион теңгеге тартылған орталық су құбыры екі жылдан бері пайдаланылмай тұр. Ішуге мүлдем жарамсыз. Мұны ауыл тұрғындары Тараз қаласында өз қаражатына жасатқан тәуелсіз сараптама қорытындысы растайды. Су ащы әрі оның жағымсыз иісі бар. Мамандар суды тұщыландыру үшін, арнайы мембраналар орнатқанымен, дәмі өзгермеген. Осыған байланысты тұрғындар оны пайдаланудан үзілді-кесілді бас тартқан. Сондықтан шенеуніктер аталған ауылды көршілес екі елді мекен арасындағы ескі су құбырына уақытша қосқан. Нысанды тексерген аудиторлар- құрылысқа бөлінген қаржы, тиімсіз жұмсалды дейді. Енді жергілікті билік Тоғызкент тұрғындарын Әбілда ауылының жаңа су құбырына қосуды жоспарлап отыр. Бірақ ол үшін қосымша қаржы қажет.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.