Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы тұрақты. 4 қаңтардан бастап Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізімі 19-дан 31 тауарға дейін кеңейтілді. Алма, қияр, қызанақ, сиыр еті, тауық еті, балық, қатты ірімшік сияқты негізгі азық-түлік бағасы өткен жыл деңгейінде сақталуда. Баға индексі 0,2% болып тіркелді, кей өнімдерде 0,1-0,5% төмендеу байқалады. Сауда комитеті мониторинг жүргізіп, сатушыларға түсіндіру жұмыстарын өткізуде. Максималды сауда үстемесі 15%-дан аспауы тиіс.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.