Қазақстаннан Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха және Мединаға ұшатын ұшақтар Иранды айналып өтеді

Енді Қазақстаннан Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха және Мединаға ұшатын ұшақтар Иранды айналып өтеді. Себеп әуе кеңістігінің жабылуы. Осыған байланысты Air Astana және Fly Arystan ескерту жасады, енді рейстер уақыты өзгеруі мүмкін. Сондықтан рейстердің өзекті мәртебесін ресми сайтта тексеруді ұсынады.
Естеріңізге сала кетейік, Иранда ауқымды ішкі тәртіпсіздіктер шарпып отыр. Осы жағдай аясында АҚШ президенті Дональд Трамп бірнеше рет ықтимал араласу туралы мәлімдегенімен, Вашингтон ахуалдың даму барысын мұқият бақылап отыратынын атап өтті. Ал Иран билігі елге қарсы «гибридті соғыс» жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
ТІЛЕК ӘБДІРАҚЫМОВ, «AIR ASTANA» ӘУЕ КОМПАНИЯСЫНЫҢ КОРПОРАТИВТІК КОММУНИКАЦИЯ ЖӨНІНДЕГІ МЕНЕДЖЕРІ:
— Air Astana Иран әуе кеңістігінің жабылуына байланысты кейбір тұрақты және чартерлік рейстерінің маршруттық жолдарының өзгерістері туралы хабардар етеді. Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха және Мединаға рейс Иран әуе кеңістігін айналып ұшады. Air Astana жағдайды мұқият бақылайды. Жолаушылардан рейстердің мәртебесін тексеруді сұраймыз, себебі рейстер кестесінде өзгертулер болады.
———————————————