Биыл Ұлттық Құрылтайдың отырысы Қызылордада өтеді

Биыл Ұлттық Құрылтайдың V отырысы Қызылорда қаласында өтеді деп жоспарланып отыр. Қоғамдық-саяси алаң болып қалыптасып үлгерген басқосуда ел дамуына қатысты өзекті мәселелер айтылады.
2022 жылдың маусым айында Президент Жарлығымен құрылған уақыттан бері Ұлттық Құрылтай еліміздің әр өңірінде өтіп келеді. Алғашқы жиын Түркістанда, кейін Атырау, Ұлытауда өтіп, Бурабайда жалғасын тапты. Әр отырыста көтерілген әлеуметтік-экономикалық даму, ұлттық құндылықтарды нығайту, мәдениет, білім, тіл саясатын дамыту мәселелері ел өмірі үшін маңызды Заң шығаруда да өзек болып отыр.
«Ұлттық Құрылтай біздің ата дәстүрімізде бар. Ресми түрде болмаса да жылына бір рет бас қосқан ел ағалары сол уақыттың өзінде майда-шүйде емес,ең маңызды стратегиялық мәселерді талқылаған. Сондықтан, Құрылтайдың маңызы зор», — дейді мәжілісмен.
———————————————