Оралда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін 300 бейнекамера орнатылды

Батыс Қазақстан облысында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы негізінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің заманауи жүйелері енгізілуде. Орал қаласында бейнебақылау желісі кеңейтіліп, аналитикалық функциялы 300 бейнекамера орнатылды. Осындай жүйе облыстың Бөрлі, Бәйтерек және Сырым аудандарында да орнатылды.
Азаматтардың полицияға жүгіну мүмкіндігі кеңейді. Өтініш беру тәртібі жеңілдетілді. Тұрғындар мобильді құрылғылар немесе қосымшалар арқылы «Заң мен тәртіп» фукциясы арқылы, тікелей өтініш жолдай алады. Бейнебақылау камералары арқылы қаладағы қоғамдық қауіпсіздік, жол жүру ережесінінің сақталуы да бақылауға алынған.

АЛЕКСАНДР ПЛЕШАКОВ, ПД ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
— Қала аумағы бүгінге 60-65% бейнебақылауға алынған. Бұл жұмыстар жергілікті атқарушы органның қолдауымен жалғасады. Әрине, әлі де қалтарыста қалып тұрған көшелер, халық көп жиналатын орындар бар. Ал мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдар 100 пайыз жедел басқару орталығына қосылған. Тұрақты мониторинг жасап отырмыз. Алдағы уақытта сараптама жасалады.

Осы уақытқа Бөрлі, Бәйтерек және Сырым ауданында 246 бейнебақылау камерасы мен 11 жылдамдықты бақылау жүйесі орнатылған. Жедел басқару орталықтары құрылған. Осы жылы қосымша тағы да осындай 5 орталықты іске қосу жоспарланған. Ал облыс орталығында орнатылған аналитикалық функциялы 300 бейнекамера полицейлердің уақытылы, шұғыл шара қолдануларына септігін тигізіп жатыр.

Қабылданған кешенді шаралар өңір тұрғындарының қауіпсіздігіне оң әсерін беруде. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да заманауи технологиялармен одан әрі жетілдірілетін болады дейді құқық қорғаушылар.
———————————————