Балаға көрсетілген зорлықты жасанды интеллект анықтады. Павлодардағы психоневрологиялық балалар орталығының күзетшісі 13 жастағы мүгедек- жасөспірімді ұрған. Бұл жәйт «Зорлық-зомбылыққа қарсы жасанды интеллект» жобасы аясында белгілі болды. Ақылды жүйе өңірдегі арнайы мекемеде бақылауды күшейтіп, тәрбиеленуші қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Прокуратураның мәліметінше, бұл – жоба іске қосылғалы бері балаларға қатысты анықталған екінші зорлық-зомбылық. Бұған дейін осы орталықтың санитар қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылып, жұмыстан шеттетілді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.