Дизельді және қоғамдық көліктерге Астана қаласынан шығуға тыйым салынды

Дизельді және қоғамдық көліктерге Астана қаласынан шығуға тыйым салынды. Бұл жайында Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Бұдан бөлек, CTS көлік компаниясы қала маңына қатынайтын қоғамдық көлік бағыттарының қозғалысы уақытша тоқтатылғанын хабарлады. Сонымен қатар Астана қаласы ТЖД ауа райы температурасының күрт төмендеуіне байланысты келесі қауіпсіздік шараларын еске салды.
«Қатты аяз кезінде көшеге шығуды барынша шектеңіз, сондай-ақ жеке көлікпен алыс жолға шықпаңыз. Егер көлігіңіз алыс жерде немесе сізге таныс емес жолда от алмай қалса, байланыс желісі болған жағдайда телефон арқылы көмек шақырыңыз немесе жол бойымен өтетін басқа көліктерді күтіңіз, көліктен жаяу алысқа кетпеңіз», — делінген хабарламада.
———————————————