Павлодар облысында екі бала өрттен көз жұмды | 15.01.2026

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ЖАЛЫН ОРТАСЫНДА ҚАЛДЫ
Павлодарда өртенген үйдің ішінде төрт бала қалған. Құтқарушылар жалын арасынан алып шыққанымен екеуі ауруханада көз жұмды.

СЫРТЫ БҮТІН, ІШІ ТҮТІН
Солтүстік Қазақстан облысындағы Бескөл ауылында жаңа үйдің сапасы сын көтермей тұр. Қыстың қақаған аязында тұрғындар суық пәтерде күн кешіп, жылытқыш қосуға мәжбүр

ИММИГРАЦИЯЛЫҚ ВИЗА
АҚШ Қазақстан азаматтарына иммиграциялық виза беруді уақытша тоқтатты. 21 қаңтардан бастап күшіне енетін бұл шешімнің себебі мен салдары туралы сәлден соң…

ИСПАНИЯДАН ҮЙ АЛҒАН
Испаниядан үй, Астанадан пәтер және су жаңа көлік. Клиника басшысының алаяқтық схемасы әшкере болды. Ол міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 682 миллион теңге жымқырған.

ҚАУІПСІЗДІК КҮШЕЙТІЛДІ
Оралда қауіпсіздік күшейтілді. Қала мен бірнеше ауданда қылмыстың алдын алуға мүмкіндік беретін аналитикалық функциясы бар жүздеген бейнекамера іске қосылды.