Талғарда ер адам әйелін 5 жасар қызының көзінше өлтірген

Талғарда әйел адамды 5 жасар қызының көзінше пышақтап өлтірген 45 жастағы ер адам қамалды. Қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметке сүйенсек, отбасылық жанжал кезінде жұбайына қол көтерген. Жарақаты таңылған күйде әйелді туыстары тауып алған. Оқиға орнына жеткен полицейлер күдіктіні бірден қолға түсірді. Қазір істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүріп жатыр.
ЕРНАР СӘЙДІЛДИН, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, қамауға алды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілуде. Тергеу шараларының нәтижесі бойынша іс материалдары сотқа жолданады.
———————————————