Шымкентте 17 жастағы қыз баланы алып қашты.
Желіде көліктен қалыңдықты шығара алмай, ақ орамал тағуға ниеттенген ақжаулықты әжелерді көруге болады. Той әні де шырқалып жатыр. Ал жәбірленуші зорланғанын айтып, арыз түсірді. Қылмыстық іс қозғалды. Бейтаныс біреулер Сарыағашқа алып қашып, оны еркінен тыс тұрмысқа бермек болған. Тіпті «өз еркіммен келдім» деп қолхат жазуға мәжбүрлеген. Ал қыздың жазбайтынын түсінгенде, оны жыныстық қатынасқа итермелеген. Сонымен қатар ұялы телефонын тартып алып, бермей қойған. Жәбірленуші жасөспірім зорланғанын айтып, арыз түсірді. Қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер полиция бөліміне жеткізілді. Жәбірленушінің сөзін тыңдайық.
ЖӘБІРЛЕНУШІ:
– Қарсылық танытып, машинадан түспеймін дедім. Алып қашып келген жігіттің біреуі мені қолымнан сүйреп түсіріп, көтеріп алды. Менің оған күшім жетпеді. Үйге кіргізді. Таңға дейін телефонымды бермейді, мен ешкіммен байланысқа шыға алмадым. Жыныстық қатынасқа түспейтін болсаң, ешқайда бармайсың, есіктің алдына шықпайсың, мамаңа бармайсың деген сияқты сөздерін айтты.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.