(без названия)

Нұрай Серікбайдың соңғы минуттарында түскен бейнежазбасы тарады

Шымкентте 21 жастағы студенті Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты тергеу жалғасып жатыр. Қызды өз үйінің алдында 28 жастағы қала тұрғыны пышақтап тастаған.

Бүгін justice_for_nuray паблигінде жаңа бейнежазба жарияланды. Онда Нұрай мен оны қуған адам көрсетілген: қыз жағдайдан қашуға тырысады, ер адамнан аулақ болуға әрекеттенеді. Бейне авторының айтуынша, бұл кадрлар Нұрайдың соңғы 7 минутын көрсетеді. Қазіргі уақытта күдікті Аймахан Шерхан қамауда, тергеу жүргізілуде, кейін сот өтеді. Қылмыстан кейін ол қашпақ болып, полиция мәліметі бойынша Шымкенттен шамамен 10 шақырым қашықтықтағы далада ұсталған.
———————————————