Қосшыда бір ауысымда мың адамды қабылдауға арналған емхана құрылысы аяқталды. Медициналық ғимаратты салу Президенттің 2024 жылғы тамыз айында Қосшы қаласына жасаған жұмыс сапарында бастау алған. Жобаның жалпы құны шамамен 30 млрд теңгені құрайды. Жоба толықтай компанияның жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылды. Медициналық мекеме Қосшының 100 мыңнан астам тұрғынына қызмет көрсетеді.
ЕРБОЛ ӘУБӘКІРОВ, ДӘРІГЕР:
– Ертеңнен бастап барлық пациентімізді қабылдауды бастаймыз. Оның ішінде 4 қабатты ғимаратта барлық сала бар. Әйелдер денсаулығын жүргізу, педиатрия саласында жүргізу, жалпы дәрігерлік бөлім барлығы жұмыс істеп бастайды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.