Нұрай Серікбайдың соңғы минуттарында түскен бейнежазбасы тарады | 16.01.2026

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ҚОС БАППЕН СОТТАЛДЫ
Шымкентте мүгедек әкесін қинаған Алмас Садақбаев 5 жылға сотталды. Кісі өлтіру бабын қолдануға дәлел табылмаған. «Азаптау» , «Ауыр дене жарақатын салу» бабымен айыпталды.

АВТОБУС АУДАРЫЛДЫ
Ақтаудан Бейнеуге бағыт алған жолаушылар автобусы аударылды. 4 жолаушы қаза тапты. Ондаған адам ауруханада жатыр. Жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған.

ЗЕЙНЕТКЕР АЯЗДА ҮСІП ҚАЛДЫ
Петропавлда 75 жастағы зейнеткер хабар-ошарсыз кетіп, аурухана аумағынан табылды. Әйел көмек сұрап үлгермей аязда үсіп қалған. Қылмыстық іс қозғалды.

СТАЛКИНГ ЖАЗАСЫ
Кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың оқиғасынан кейін елдегі бойжеткендер ізін аңдушылар туралы ашық жариялай бастады. Сталкингтің жазасы қандай?

КУӘЛІКТІҢ КҮШІ ЖОЙЫЛДЫ
Сан түрлі сырқатқа шалдыққан кей жүргізуші жүргіншілерге қауіп төндірді. Құзырлы орган диспансерлік есепте тұрған 2 мыңнан аса азаматтың жүргізуші куәлігін жойды.