Испанияда пойыздар соқтығысты

Испанияда екі жүрдек пойыз рельстен шығып кетіп, бір-бірімен соқтығысты. Соның салдарынан 21 адам опат болды. 100-ге жуық азамат зардап шекті. Қайғылы жағдай Кордова провинциясының Адамус елді мекенінде болды. 317 жолаушысы бар пойыз Мадридке бет алған. Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Мадрид пен Андалусия арасында жүрдек пойыздардың қозғалысы уақытша шектелді.
———————————————