Қызылордада Ұлттық құрылтайдың секциялық отырыстары өтті. Онда қатысушылар түрлі идеясы мен өзекті бастамаларын ортаға салды. Мұндағы айтылған әрбір ұсыныс ресми хатталады. «Сондықтан ол үлкен заң жобалары мен саяси реформалардың, маңызды бағдарламалардың қолға алуына түрткі болады», — дейді құрылтай мүшелері.
V Ұлттық құрылтай отырысының Сыр жағасындағы тарихы терең қалада өтуінің де себебі бар. Биыл Қызылорданың Қазақ елінің астанасы болуы туралы шешімнің қабылданғанына 100 жыл толып отыр. Құрылтайға қатысушылар да сондай ауқымды бастамалардың жүзеге асуына түрткі болатындарына сенімді. Сондықтан барлық секциялық отырыстарда айтылған ойлар жерде қалмайды дейді орлар.
ДИХАН ҚАМЗАБЕКҰЛЫ, ҚҰРЫЛТАЙ МҮШЕСІ:
— Қазақстанның 4 тарапынан келген ой пікірлер ортаға салынып, соның нәтижесінде ертеңгі күн тәртібінде көп ойлар нақтыланады, жүйеленеді. Сонымен бірге осында айтылған біраз дүниелердің барлығы атқарушы биліктің түрлі салаларына тапсырма ретінде түседі.
АМАНЖОЛ ӘЛТАЙ, ҚҰРЫЛТАЙ МҮШЕСІ:
— Әріптестеріміз түрлі өзекті мәселе көтеріп жатыр. Олар әдебиетке, мәдениетке, біздің бүгінгі әлеуметтік жағдайға байланысты. Әрқайсысының өзекті ұсыныстары, пікірлері протаколға түсіп, алдағы уақытта осы құрылтай жұмысының іске асырылуы барысында орындалады деп ойлаймын.
Ал құрылтай мүшесі Еділ Жаңбыршин бүгін экологиялық мәселелерге көптің назарын аударды. Ол тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеп, кәдеге жаратуымыз керек дейді. Кәріз жүйелерінен аққан лас суды тазаламаудың соңы да күрделі мәселеге айналатынына сенімді.
ЕДІЛ ЖАҢБЫРШИН, ҚҰРЫЛТАЙ МҮШЕСІ:
— Соны тазалау мәселесі әлі жолға қойылмаған. Ол жердің астына сіңіп жатыр, қалалардың айналасын сасытып жатыр. Онымен кешенді түрде ешкім айналысып жатқан жоқ. Бұл жөнінде де техникалар бар. Еуропада да бар. Бұл мәселені біздің Азия да шешіп тастаған. Міне, осы технологияларды бізге әкелетін уақыт келді. Оған кедергі жасайтын заңдар болса, заңды жөндейік.
Айта кетейік, бұған дейінгі өткен Ұлттық құрылтай негізінде елімізде бірқатар заңнама қабылданып, кейбір қылмыстық жауапкершілік күшейтілді. Әйел құқығын қорғау, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ерекше назарға алынды. Ертеңгі V Ұлттық құрылтайдайдан да ел нәтижелі бастама күтеді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.