Үкіметте инфляцияны тұрақтандыру мәселесіне арналған кеңес өтті

Үкіметте инфляцияны тұрақтандыру мәселесіне арналған кеңес өтті. Сауда және интеграция министрлігінің бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың айтуынша, қаңтар айының басында күшіне енген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жаңартылған тізімі оң нәтиже бере бастаған. Азық-түлік тауарлары бағасының индексі +0,2 пайызды құраған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда үш есе төмен. Бұған дейін мемлекеттік баға реттеуіне кірмеген бірқатар тауарлар бойынша да оң динамика байқалады. Атап айтқанда, қаймақ, сүт және ірімшік секілді сүт өнімдерінің бағасы төмендеген. Қызанақ, қияр мен алма да арзандаған. Кеңейтілген тізімге енген тауарлардың ішінде күріш, шай, ет мен балық өнімдерінің жекелеген түрлері де арзандады.
———————————————