Жаңаөзенде өрт сөндірушілердің көлігі жол апатына ұшырады

Жаңаөзенде шақыртуға бара жатқан өрт сөндіру қызметінің көлігі жол апатына түсіп, жеке тұрғын үйге соғылды. Оқиға салдарынан үйдің бір тұрығыны мен жеңіл көлік жолаушысы қаза тапты. Бес адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. Оның ішінде үш азамат төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері. Полиция департаментінің мәліметінше, арнайы техника жеңіл көлікпен соқтығысқан. Қатты соққы салдарынан өрт сөндіру автокөлігі аударылып, жол жиегіндегі қоршауды бұзып өткен. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан қызметкерлердің жеңіл көлік жүргізушісін шығаруға тырысып жатқанын байқауға болады.
АЙГЕРІМ ИБАТУЛЛАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазір жол-көлік оқиғасының нақты мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Бұл іс Маңғыстау облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.
———————————————