ШҚО-дағы Шемонайха ауданында салынатын көпірдің құрылысы сараптамадан өтті

Шығыс Қазақстан облысы Шемонайха ауданында салынатын жаңа көпірдің құрылысы мемлекеттік сараптамадан өтті. Жобаның құны 8 миллиард теңгеге бағаланып отыр. Шекаралас аумақ үшін өткелдің маңызы зор. Себебі Қытай мен Ресей елдері арасындағы тауар тасымалы осы аудан арқылы өтеді. Қазір жүк көліктері 1962 жылы салынып, апатты деп танылған көпір арқылы қатынап жатыр. Көліктің көптігіне байланысты қозғалыс бір бағытта және бағдаршам арқылы реттелуде. Оның үстіне салмағы 23 тоннаға дейінгі көліктерге ғана өтуге рұқсат етілген. Жергілікті билік өкілдері Шемонайха арқылы салынатын жаңа көпір Қытайдан Қазақстан арқылы Ресейге апаратын шығыс көлік дәлізінің негізі болады дейді. Ал өткелдің құрылысы осы жылы басталады.
ДИДАР КЕҢЕСБАЕВ, ШЕМОНАЙХА АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:
— Жаңа көпірдің салынуы Ресей Федерациясымен шекаралас орналасқан транзиттік аудан үшін өте маңызды. Қолданысқа берілген Бұқтырма көпірі аспан асты еліне дейінгі ең қысқа транзиттік көлік жолы болып саналады.
———————————————