Ақтөбедегі әлеуметтік қызмет көрсету орталығы адам тұрғысыз жағдайда

Әлеуметтік желіде Ақтөбе қаласындағы №2 әлеуметтік қызмет көрсету орталығының адам тұрғысыз жағдайы туралы бейнежазба тарады. Онда ғимараттың салқын екені, жөндеу көрмегені және инженерлік желілердің әбден тозығы жеткені туралы айтылған. Автор осыған қатысты арнайы тексеру жүргізу керек дейді. Жазбада орталық тұрғындарының бас киіммен жүрегендері де көрінеді. Бұл жерде психикалық ауытқушылығы бар 430 адам болса, 220 қызметкер ауысым бойынша жұмыс жасайды. Ғимарат өткен ғасырдың 70-жылдары салынған. Содан бері жөнделмеген. Бұл мәселені шешуге жергілікті билік биылдан бастап кіріскелі отыр. Арнайы орындармен қатар инженерлік желілерді жаңғыртуға облыс қазынасынан қаржы бөлінген.
ӘНУАРБЕК ҚОНЖАР, ЖҚӘБ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Биылғы жылға жөндеу жұмыстарын көздеп отырмыз. Оған облыстық бюджеттен 177 миллион теңге бөлініп отыр. Сонымен қатар ішіндегі көрсетілген дәретханаларды жөндеу, барлығын осы биылға жоспарлап отырмыз.
———————————————