Православ христиандары Құдайға шоқыну — Крещение мейрамын атап өтіп жатыр

Православ христиандары Құдайға шоқыну — Крещение мейрамын атап өтіп жатыр. Діни сенімге сәйкес, бұл күні суға шомылу арқылы адам рухани тазарады. Кеше кешкі уақыттан бастап жүздеген астаналық пен қала қонақтары жаппай шомылу орындарына жиналды. Есіл өзенінің сол жағалауы мен «Астаналық» саябағындағы орталық жағажай аумағында арнайы ойықтар жасалып, жабдықталған. Сарышұнақ аязға қарамастан, суық суға түсуге ниет білдірушілердің саны аз болмады. Тұрғындар бұл мерекенің тек діни ғана емес, түрлі ұлт өкілдерін біріктіретін рухани мәні зор екенін атап өтті.
———————————————