Қонаевта Орталық Азиядағы ең үлкен мұзайдыны ашылды

Алматы облысында Орталық Азиядағы ең үлкен мұзайдыны ашылды. Қонаев қаласындағы туристік нысанның жалпы аумағы 22 мың шаршы метр. «Медеу» мұзайдыны екі жылға күрделі жөндеу жұмыстарына жабылғанын ескерсек, бұл нысан оған тамаша балама болады. Қапшағай су қоймасының жағасында орналасқан жаңа мұзайдын кешелі бері демалушыларды қабылдап жатыр. Олардың арасында Алматы, Қонаев қалалары мен шалғай аудандардан келген тұрғындар да бар. Өйткені қазір Алатау баурайындағы алып мегаполистен Қонаевқа тақтайдай тегіс жолмен бір сағатта жетуге болады.
———————————————