Шымкентте әйел балаларының денесін үтікпен күйдірген | 19.01.2026

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ҚАТЫГЕЗ АНА
Баласын аяусыз сабаған жаркенттік ана қамауға алынды. Ол енді ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін. Әйелдің төрт жастағы ұлын батареяға байлап қойып, қатыгездікпен ұрып-теуіп жатқан сәтін біреу видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде таратқан.

ҚАРАУСЫЗ БАЛА
Сәтбаев қаласында балабақша бүлдіршіндері түс әлетінде өздері киініп, сыртқа шығып кеткен. Суықта адасып жүрген балғындарды кездейсоқ ер адам көріп, құтқарып қалды. Енді балаларды қараусыз қалдырған мекеме мамандары жауапқа тартылады.

ӨРТ ЖАЛМАДЫ
Солтүстік Қазақстан облысындағы екі ауылда үй өртеніп, екі адам қайтыс болды. Оның біреуі — бес жасар бала. Оқиға ізімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

МӘМС МӘСЕЛЕСІ
Көп ұзамай, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қаржы министрлігінің қарамағына өтеді. Өйткені денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері бұл жүйені жөнді жүзеге асыра алмай, әбден былыққа батқан. Құзырлы органдар қордың жұмысын түгел тексеруге кірісті.

ЕҢ ҮЛКЕН МҰЗАЙДЫН
Қонаевта Орталық Азиядағы ең үлкен мұз айдыны ашылды. Туристік нысанның жалпы аумағы 22 мың шаршы метрді алып жатыр. Енді бұл аймаққа жан-жақтан қалың турст ағылады деген үміт бар.