Хромтаудағы дәмханада жарылыс болып, 5 адам зардап шекті

Ақтөбе облысы Хромтау қаласындағы дәмханада жарылыс болып, 5 адам зардап шекті. Әлеуметтік желіде тараған мына кадрлерден жарылыстың күші қатты болғаны байқалады. Соққыдан ғимараттың шатыры ұшып кеткен. Алдын ала мәліметке сай, нысан ішіндегі су ысытатын газ жабдығы жарылған. Өрт дереу ауыздықталды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
———————————————