Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда қоғамда резонанс тудырған мәселелерге де назар аударды. Айтап айтсақ, Шымкентте кісі қолынан қаза болған Нұрай есімді бойжеткеннің оқиғасына жеке тоқталып, осыған қатысты полиция әрекетіне құқықтық баға беруді тапсырды. Қаза тапқан қыздың туыстарының өтінішін тиісінше қарамауы мүмкін деген дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді. Қызметтік тексеру нәтижесінде, қоғамдық тәртіпті тиісінше қамтамасыз етпегені үшін, қалалық полиция департаментінің бастығы мен оның бірінші орынбасары қызметтерінен босатылды. Тағы бірқатар лауазым иесі ішкі істер органдарынан шығарылды.
ҚЫЗЫЛОРДА
МҰРАТ ӘБЕНОВ, МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ, ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ МҮШЕСІ:
– Міне, Шымкентте болған нәрсені Президент бүгін неге айтты? Президенттің айтқаны Шымкенттің полициясының бастығының тәртібін қарау керек. Біз несіне заң қабылдаймыз, егер орындамасақ? Сталкинг деген – алып қашудың алды. Сталкинг жасаған, қыздың ата-анасы арызданған. Бірақ полиция шара қолданбаған.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.