Атырау облысының әкімдігі 12 млрд теңгені мақсатсыз жоспарлаған. Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы 10 қызметтік пәтерді нарықтағы бағадан үш есе қымбатқа сатып алмақ болған. Бұған 503 млн теңгеге жуық қаражат бөлініпті. Облыстық прокуратура жүргізген талдау нәтижесінде мемлекеттік сатып алудағы заң талабын бұзғаны үшін 84 лауазым иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.