Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылдар 100 процент таза сумен қамтылды. Былтыр мемлекетке қайтарылған активтер есебінен өңірде 440 шақырымға жуық құбыр төселді. Сондай-ақ «Булаев» топтық су құбыры жаңарғыртылып жатыр. Нәтижесінде, 30 елді мекен тұрғындары орталықтандырылған жүйеге қосылды. Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасын табуда. Прокурорлардың сөзінше, қазірдің өзінде Тайынша ауданындық ауруханасы күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. Бұл мақсатқа арнаулы қордан 1 млрд-тан астам теңге бағытталған.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.