Жамбыл облысында тозығы жеткен көпір тұрғындарды алаңдатты

Жамбыл облысында тозығы жеткен көпір тұрғындардың үрейін күшейткен. Ескі өткел Сарысу ауданы орталығын бес елді мекенмен байланыстырып отыр. 40 жыл бұрын салынған нысан содан бері үш рет жөнделген. Ал соңғы қалпына келтіру шаралары 737 миллион теңгеге жүргізілген. «Дегенмен қазіргі жағдайына қарап, жөндеу жасалғанына мүлдем сену қиын», — дейді жергілікті жұрт. Көпірдің темір қоршаулары құлауға шақ тұр, ал асфальт жабындысында жарықтар мен шұңқырлар пайда болған. Халық күн сайын 200-ге жуық автокөлік өтетін көпірдің кез келген сәтте опырылып кетуінен қауіптенеді.
———————————————