Жамбыл облысында жол ережесін 155 рет бұзған жүргізуші ұсталды

Жамбыл облысында жол ережесін 155 рет бұзған жүргізуші ұсталды. Полиция Toyota Camry көлігін тізгіндеген жігітті «Қорғау» автоматтандырылған жүйесі арқылы тапқан. Ол жол қозғалысы ережелерін өрескел әрі жүйелі түрде бұзып келген. Нақты айтсақ, 126 рет жылдамдықты әдейі асырған, 29 рет тоқта сызығы сияқты жол белгілері талаптарын елемеген. Жүргізуші жолдағы тәртіпсіздікті биыл да жалғастырған. Жылдың алғашқы 16 күнінде ол тағы 18 рет ереже бұзған. Сөйтіп, қолға түскен жүргізушіге жол полициясы айыппұл хаттамасын жазып берді.
———————————————