ШҚО-да аяздың күші 40 градусқа дейін жетті

Шығыс Қазақстан облысында қазір аяздың күші 40 градусқа дейін жетіп тұр. Осыған байланысты жол да жиі жабылатын болды. Ал жол саласында еңбек ететін мамандарда тыным жоқ. Өйткені тиісті ескертуді елемей сапарға шығатын жолушы көп. Құтқарушылар жол жиегінде сөніп, қарға батып қалған көліктерге шұғыл көмек көрсетіп әлек. Жуырда «Өскемен – Алматы» бағытындағы жол бойына күшейтілген бекет қойылды. Өйткені дәл осы бағытта тәулігіне әрлі-берлі 8 мың көлік қатынайды.
———————————————