Павлодар облысында қызметтік иттердің көмегімен 200-ден аса қылмыс әшкереленді

Қылмысты ашуда кинологиялық қызмет белсенді жұмыс істеп келеді. Павлодар облысында былтыр қарғы баулылар көмегімен заңсыз айналымнан 130 келіден артық есірткі тәркіленіп, 200-ден аса қылмыс әшкереленді. Қазір өңірдегі бөлімшеде 22 қызметтік ит бар. Әрқайсысы өз бағыты бойынша арнайы дайындықтан өткен. Олар тыйым салынған заттарды анықтау, адамдарды іздестіру сияқты түрлі тапсырманы орындайды. Мамандардың айтуынша, қызметтік иттерді жаттықтыру кемінде бір жарым жыл жүргізіледі. Содан кейін кез келген уақытта қызметке дайын. Олардың орташа жұмыс өтілі 8-ден 10 жылға дейін жетеді.
———————————————