Енді қоғамдық көлікте де кітап оқуға болады. Оралда «Кітаппен бірге жолда» жобасы бастау алды. Мақсат – жолаушы уақытын тиімді пайдалану және кітап оқу мәдениетін жақсарту. Ерекше бастамаға Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық орталық әмбебап кітапхана ұйытқы болды. Жобаны көпшілік те қолдады. Қаладағы екі бағытта жүретін қоғамдық көлікке кітап сөрелері орнатылды. Онда көркем әдебиеттермен қатар, балаларға арналған шығармалар да бар. Кез келген жолаушы оларды діттеген жеріне жеткенше оқып бара алады. Жоба бір жылға созылады. Егер сұраныс көбейсе, одан әрі де жалғасады. Енді бұл жобаны аудан орталықтарына қатынайтын автобустарда да жүзеге асыру жоспарланып отыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.