Түркістанда 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер арасында Қазақстан шахмат чемпионаты басталды. Мыңнан астам жас шахматшы классика, рапид және блицтен кім мықты екенін анықтайды. Жарыстың жүлде қоры қомақты – 15 млн 120 мың теңге. Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турловтың айтуынша, бұл чемпионат – негізгі ұлттық іріктеу. Жылдың ең ірі әлемдік турнирлерінде Қазақстан атынан кім қатысатыны дәл осы жерде шешіледі.
ГҮЛМИРА ДӘУЛЕТОВА, ҚАЗАҚСТАН ШАХМАТ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
— Бұл – мыңдаған шахматшыны жиырма облыстан жинаған Қазақстан біріншілігі. Ең басты жарыс. Себебі осы жарыстың нәтижесінде іріктеу өткізіледі. Бірінші орын алған балаларымызды Қазақстан шахмат федерациясы шетелдік әлем біріншілігіне жібереді. Екінші орын алған балаларды Азия біріншілігіне жібереді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.