Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында сөйлеген сөзі

Қазақстанның саяси жүйесін үлкен өзгерістер күтіп тұр. Елде Конституциялық реформа жүргізіледі, сондай-ақ кадрлық өзгерістер де болады деп жоспарланып отыр. Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайдың отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің атауын өзгерту, вице-президент лауазымын енгізу және Қазақстанның Халық кеңесін құру туралы бастамаларды жариялады. Бұл жаңашылдықтардың барлығы саяси жүйені жетілдіруге бағытталған.