Қарағандылық құтқарушылар автотұрақтағы жарылыстың алдын алды

Қарағандының өрт сөндірушілері үлкен ерлік жасады. Құтқарушылар автотұрақтағы жарылыстың алдын алды. Түн ортасында жабық ғимаратта тұрған арнайы техника өртенген. Өрт сөндірушілер ширақ қимылдап, техника мен үш газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды. Өрт толық ауыздықталды, зардап шеккендер жоқ.
———————————————