Ә. Сатвалидиев: «Құрылтай – өзекті мәселелерді заңнамалық деңгейде шешудің тиімді алаңы

«Ұлттық құрылтайдың жұмысы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде маңызды өзгерістер жасауға серпін берді. Жиында қабылданған шешімдер елдің тұрақты дамуына, ұлттық бірегейліктің нығаюына бағытталған. Осылайша, қоғамның өзекті мәселелерін заңнамалық деңгейде шешудің тиімді алаңына айналды», — дейді Сенат депутаты Әлішер Сатвалидиев.
ӘЛІШЕР САТВАЛДИЕВ, СЕНАТ ДЕПУТАТЫ:
— Осыған дейін Ұлттық құрылтайдың 4 отырысы өткен болса, сол Ұлттық құрылтайдың күн тәртібінде қарастырылған мәселелер бойынша 26 заң қабылданды. Халық тарапынан айтылған ұсыныстардың, әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында айтылып жүрген өзекті мәселелердің көтерілуі үрдіске айналды.
———————————————