Петропавлда кесілген шыршалар жануарларға азық болады

Кесілген шырша кәдеге жарайды. Петропавлда Жаңа жыл мерекесіне қолданылған қылқан жапырақты ағаштар жабайы жануарларға азық ретінде берілмек. Бүгінде жасыл желектер көпқабатты үй ауласында, қоқыс жәшіктері маңында тау болып үйіліп, қала көркін бұзуда. Ал коммуналдық қызмет өкілдері мұндай көлемді қалдықты шығаруға қосымша қаражат керектігін айтады. Сондықтан жергілікті билік арнайы акция ұйымдастырды. Шараға табиғат жанашырлары мен белсенділер қатысты. Олар қалада шашылып жатқан шыршаны жинап, орман шаруашылығына жеткізді. Мұнда ағаш бұтағын діңінен ажыратып, қылқанымен аң-құсты асырамақ. Ал қалғанын отынға айналдырады.
БЕРДІМҰРАТ БАЙМҰҚАН, ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қаламызда «Шырша жануарларға көмектеседі» акциясы өткізіліп жатыр. 20-на дейін шыршаларды жаңа жылдық әшекейлерден тазартып, қоқыс жәшіктері маңына жинау жөнінде тұрғындарға ескерткен. Ал 20-нан кейін абаттандыру ережесіне сәйкес ережені бұзған тұрғындар үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

ГЕННАДИЙ БЕГИШЕВ, ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
— Қылқан жапырақты ағашты – марал, елік, қоян, тиін, бұғы, қабан сынды жануарлар жейді. Кейбір құстар да тұтынады. Себебі оның құрамында «С» витамині бар. Биыл қар көп, әрі аязды күндер сақталуда. Мұндай кезде жем табу өте қиын. Сондықтан оларды қолдан қоректендіреміз.
———————————————