Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағы қаржылық қитұрқылар әшкереленеді | 21.01.2026

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

БЕКТЕНОВ ЖАЗАЛАЙДЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қаржы қымқырғандар жазасын алады. Бүгін Олжас Бектенов Үкімет отырысында осылай мәлімдеді. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда қордың ақшасы тоналып жатқанын айтып, ұйымды қаржы министрлігінің құзырына беруді тапсырған болатын.

КҮДІКТІЛЕР ҚОЛҒА ТҮСТІ
Шымкентте кісі өліміне қатысты іздеу жарияланған күдіктілер ұсталды. Олар жол апатынан кейін төбелес шығарып, бір адамды пышақтап кеткен еді. Қазір тағы бір тұрғын жансақтау бөлімінде жатыр.

САПЕРДІҢ САҚТЫҒЫ
Біздің арна тілшілері Қонаев гарнизонындағы әскери бөлімге барып, минадан тазалау орталығының қызметімен танысты. Инженер-саперлердің жауды жаңылдыру үшін қолданатын қару-жарақтарын көзімен көрді.

ЕРЕКШЕ ОПЕРАЦИЯ
Тараз дәрігерлері Беларусь хирургтерімен тәжірибе алмасып жатыр. Отандық мамандар аяғы ауыратын балаларға айрықша операция жасаудың қыр-сырын үйренбек. Сөйтіп, күрделі отаны өздері қолға алуды жоспарлап отыр.

ШЫРША ҚОРЕК БОЛАДЫ
Петропавлдың коммуналдық қызметшілері жаңа жылдық шыршаны кәдеге жаратудың амалын тапты. Ағаш бұтағын діңінен ажыратып, қылқанымен аң-құсты асырамақ. Ал қалғанын отынға айналдырады.