Алматы облысында мектеп оқушысы көз жұмды

Алматы облысында мектеп оқушысы көз жұмды. Оқыс оқиға Қаскелең қаласындағы Қаныш Сәтбаев атындағы №47 білім ошағында болған. Жасөспірімнің жағдайы бірінші сабақтан кейінгі үзіліс кезінде кенет нашарлаған. Мектеп әкімшілігі бірден жедел жәрдем шақырған. Алайда дәрігерлер баланы құтқара алмады. Аталған дерек бойынша, құзырлы органдар тергеуді бастады. Марқұмның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Мерт болған оқушының жанында өзінің туған әжесі де болған. Ол осы мектепте география пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді.

ГҮЛНӘР БИХОЖАЕВА, ҚАРАСАЙ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:
– 9 сынып оқушысының 1 сабақтан кейін жағдайы күрт нашарлаған. Мектеп әкімшілігі жедел жәрдем бригадасын шақырды. Ол кісілер қолдарынан келгенше көмектесуге тырысты, алайда баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Бала сол жерде қайтыс болды.
———————————————