Шымкенттегі адам өлімімен аяқталған жаппай төбелеске қатысты 3 қылмыстық іс қозғалды. Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің мәлімдеуінше, бұл жайт бойынша қасақана кісі өлтіруге оқталу және өлтіру, адам ұрлау, сондай-ақ, қару қолданумен жасалған бұзақылық баптарымен тергеу басталды. Бірнеше күдікті ұсталды. Ал оқиға орнына Ішкі істер министрлігінің бірнеше бөлімше жетекшісі жіберілді. Олар мән-жайды анықтап, полицейлердің әрекетін тексереді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.