Шығыс Қазақстан облысында 39 жетім үй кезегінен заңсыз алынып тасталған. Мемлекеттік пәтерлерді бөлу барысына тексеріс жүргізген облыстық прокуратура осындай кемшілікті анықтады. Қалалық, аудандық әкімдіктер берген мәліметтерде азаматтарды еш ескертусіз баспана кезегінен алып тастау фактілері болған. Мысалы, балалар үйінің тәрбиеленушісі пәтер жалдап тұрған және сол мекенжайда уақытша тіркелген. Сол үшін, ол мемлекеттен берілетін үй кезегінен қағылған. Жаңадан бой көтерген тұрғын үйдегі пәтердің 20 пайызы әлеуметтік осал топ өкілдеріне бөлінуге тиіс. Алайда іс жүзінде тек 10 пайызы берілген. Тексерістен соң барлық заң бұзушылық жойылды.
СӘУЛЕ ҒҰБАШЕВА, ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ:
– Прокурорлық қадағалаудың нәтижесінде 35 жетім және ата-ана қарауынсыз қалған балалардың баспаналары, пәтерлері қайтарылды. Бұл жұмыстар биылғы жылы да жалғасады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.