СҚО-да өрттен көз жұмған 5 жасар қыздың анасы қамауға алынды

Солтүстік Қазақстан облысының Ольшанка ауылында болған өрт кезінде тірідей жанып кеткен 5 жасар қыздың анасы қамауға алынды. Бұл туралы Ішкі Істер Министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді. Қызыл жалын шарпығанда бала үйде жалғыз болған. Оның анасы 18 қаңтар күні кешкісін үйде пеш жағып, баланы сыртынан қамап, өзі- қонаққа кетіп қалған. Құтқарушылар бүлдіршіннің денесін үйінді астынан тапты. Бала тәрбиесіне немқұрайлы қараған анаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Егер оның кінәсі делелденсе, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
———————————————