Президент Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны құру туралы жарлыққа қол қойды. Коммисияның ережесі мен құрамы бекітілді. Конституциялық комиссия –ел Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган. Оның негізгі міндеті – Конституциялық реформа бойынша ұсыныстар әзірлеу. Құрамына жүзден астам адам енген. Олар Парламент депутаттары, мәслихат төрағалары, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері, өңірлердегі қоғамдық кеңестердің мүшелері, сондай-ақ сарапшылық және ғылыми қауымдастық өкілдері арасынан жасақталған. Комиссияға Конституциялық соттың төрағасы Эльвира Азимова жетекшілік етеді. Оның орынбасарлары болып, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин және Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева тағайындалды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.