Қаскелеңде 9-сынып оқушысы мектепте қайтыс болды | 22.01.2026

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

МЕКТЕПТЕ ЖАН ТАПСЫРДЫ
Қаскелең мектебіндегі қайғылы оқиға. 9-сынып оқушысы үзілісте көз жұмды. Оны қасында болған әжесі де, жедел жәрдем өкілдері де ажалдан арашалап қала алмады. Қайғылы жағдай ізімен тергеу басталды.

НҰРАЙ ІСІ
Марқұмның туыстары енді қоғамды дүр сілкіндірген қайғылы оқиға бойынша тергеудің әділ өтетініне сенеді. Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты істе салғырттық танытқаны үшін бірнеше лауазым иесі қызметінен қуылды. Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

ЖЕТІМДІ ЖЫЛАТҚАН
Шығыс Қазақстан облысында 39 жетім баланы тұрғын үй тізімінен еш себепсіз алып тастаған. Қитұрқы әрекеттті прокурорлар анықтады. Енді жетімді жылатқандар заң алдында жауап береді.

МӘРТЕБЕГЕ МҰҚТАЖ
Жарқынның болашағы бұлыңғыр. Семейге іргелес орналасқан ауыл азаматтары елдімекенге ресми мәртебе беруді сұрайды. Өйткені тұрғындар баспанасын рәсімдей алмай, қарапайым тіршіліктің өзінде қиындық көріп отыр. Өмірде бар, бірақ құжатта жоқ ауыл мәселесін жергілікті билік қашан шешеді?

ЕГІЗДЕР МЕКЕНІ
Оралдағы әскери бөлімде үш егіз ел қорғап жүр. Жас жауынгерлер жақында Отан алдындағы борышын адал атқаруға ант берді. Ер азаматтар осы арада шыңдалып, армияның айбынын асқақтатуға дайын.