Нұрай Серікбай ісі: некеге мәжбүрлеу бойынша қылмыстық іс қозғалды

Нұрай Серікбайдың ісіне қатысты жаңа дерек. Қайғылы жағдай бойынша жәбірленуші тарап адвокаттарының өтінішхаты мақұлданды. Яғни некеге тұруға мәжбүрлеу бойынша қылмыстық іс тіркеліп отыр. Бұл туралы адвокат мәлімдеді. Сонымен қатар ол істің Абай аудандық полиция басқармасынан департаменттің тергеу басқармасының өндірісіне өткенін хабарлады.

СЕРЖАН НҰРПЕЙІСОВ, адвокат:
– Бүгінгі таңда Нұрайдың ісіне қатысты ҚР ҚК 125-1 бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Яғни некеге тұруға мәжбүрлеу бойынша. Бұл бойынша тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.
———————————————