Қарағандыда спортшылар арасында болған жанжал тексеріліп жатыр. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, бокстан екі дүркін әлем чемпионы Серік Сәпиевті, өз орынбасары Дәурен Есімханов соққыға жықты. Айта кетейік, Есімханов — самбодан танымал спортшы, джиу-джитсудан әлем чемпионы. Оқиға басқарманың ғимаратында болған. Алдымен екеуі сөзге келіп, артынша жұдырықтасқан. Оқиғаның бір бөлігі бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Кейін, белгілі болғандай, Серік Сәпиев өз орынбасарының үстінен полицияға арыз жазған. Бұл дерек бойынша, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік те жағдайды назарға алып, тексерісті бастады.
БАҚЫТЖАН КҮДИЯРОВ, ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
– 42 жастағы Қарағанды қаласының тұрғынының арызы негізінде ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Белгілі болғандай, 21 қаңтар күні қаладағы спорт кешендерінің бірінде екі ер адам арасында жанжал туындаған. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмыстарын жүргізуде.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.