Өскемендегі су желісі құбырлары қаңтардың аязына төтеп бере алмады. Қалада бірнеше коммуналдық апат болды. Салдарынан 2 мыңға жуық тұтынушы тіршілік нәрінен ажыратылды. Сақылдаған сары аязға қарамастан, коммуналдық қызмет өкілдері апатты жоюға бар күшін салып жатыр. Жалпы, облыс орталығындағы су желісі 60%, кәріз құбырлары 80% тозған. Атқарушы билік жаз шыға, бұл олқылықтың орнын толтырамыз деп отыр. Ол үшін жергілікті қазынадан және кәсіпорынның өз қаражаты есебінен 6 миллиард теңге бөлінбек. Бұл қаржыға «Тарифті инвестицияға ауыстыру» бағдарламасы бойынша квартал аралық желілер жаңғыртылады.
РАШИД ШЕРУБАЕВ, ТҮКШ ЖТ АЖ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
– ТҮКШ және кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасы негізінде биыл Өскемен қаласы бойынша сумен қамтамасыз ету және суды бұру желілерінің 20 шақырымын ауыстыру жоспарланып отыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.