Жарқын ауылына ресми мәртебе беріледі

Жарқын ауылы тұрғындарының елді мекен мәртебесін қайтару туралы талабы арнамыздың тілшілері көтергеннен кейін нақты шешімін тапты. Екі жыл бойы қордаланған мәселе екі күннің ішінде реттелді. Әкімшілік мәртебенің болмауы тұрғындарды заңдық тығырыққа тіреген. Халық үйлерін заңдастыра алмай, малын сату үшін қажет құжаттарды ала алмаған. Әлеуметтік инфрақұрылым да тұралап қалды. Семей қаласынан жауапты мамандар ауылға арнайы барып, кеткен қателікті мойындады. Жарқын ауылы қаланың жарты жылдықта бекітілетін бас жоспарына енгізіліп, Жаңа Семей ауданының сапына өтеді. Бір айдың ішінде барлық құжат рәсімделіп, техникалық жұмыстар жалғасады.

ӘДІЛЕТ ҚОЖАНБАЕВ, СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:
– Жаңа Семей мен қала бөлінген кезде тиісті жұмыстар аяғына дейін атқарылмаған. Оны мойындау керек. Сол жұмыстарды аяғына дейін жеткізгенде, шешім қабылданды.
———————————————